Дональд Трамп мамыр айында Иерусалимдегі АҚШ елшілігің ашылу салтанатына қатысатынын мәлімдеді – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Дональд Трамп наурыз айының 5-і күні Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу өткізген. Кездесу барысында журналистер Трамптан: «Сіз Иерусалимдегі АҚШ елшілігінің ашылу салтанатына барасыз ба?» - деп сұраған. Өз кезегінде Дональд Трамп: «Баруым мүмкін. Қазір біз бұл мәселені қарап жатырмыз. Уақытым болса барамын» - деп жауап берген.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың желтоқсан айында Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындайтынын айтып, Тель-Авивтегі АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіретіндігін мәлімдеген. Кейіннен Трамптың бұл шешіміне БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қарсы шығып, Уашингтонды аталмыш шешімді қайта қарауға шақырған.

“The Qazaq Times”