Сүрия президенті Башар Асад «АҚШ және оның одақтастары террористерді қолдап отыр» – деп мәлімдеді.

Башар Асад Шығыс Гутадағы жағдайларға байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ бастаған әскери коалиция «Ислам мемлекеті» мен «Жебхат ан-Нусру» террорлық ұйымдарын қолдап отыр. Олар «Ислам мемлекетінің» әуе қорғанысы. Батыс елдері химиялық қаруды желеу етіп Сүрия армиясын бомбалауда» - деген.

Естеріңізге салайық, 18 ақпан күні Сүрияның Шығыс Гута ауданында әскери операция басталды. БҰҰ таратқан мәлімет бойынша, Шығыс Гутада он күн ішінде 600-ден астам адам оққа ұшып, 2 мыңнан астам адам жарақат алған.

“The Qazaq Times”