Бүгінгі жаңа технологиялар дәуіріндегі туған балалар әріп тани сала смартфондарды пайдалана бастайды. Бірақ адамзаттың бұл жетістігіне дейін қандай басқыштарды басып өткені туралы ойланатындар аз. Айталық жазу машинкалары. Бұл құрылғыны орта жастағы немесе одан жоғары адамдар жақсы біледі. Тіпті ол бір дәуір ұрпақтарына бүгінгі компьютердің қызметін атқарды. Ал бүгін оның орны тек мұражайлар мен қоймаларда. BBC-дің онлайн қызметі жазу машинкасының 145 жылдығын еске алды.

Бұл туралы зерттеушілердің айтуынша, жазу машинкасы 52 рет жаңартудан өткен. Жазу машинкасының бірінші ұрпағының биіктігі 2,5 метр болған екен. Ал екіншісі толықтай ағаштан жасалыпты. Бұл құрылғының ең алғашқы патент құқығы 1714 жылы англиялық Генри Миллге бұйырған екен. Бірақ толық құрылғыны 1808 жылы италиялық Турри Пеллегрино жасап шығарған. Дегенмен, олар жасаған жазу құрылғысының үлгілері біздің заманымызға дейін сақталып қалмады, тек осы құрылғыларда басылған жазулар ғана жетті.

Болашақ «Ремингтон» деп аталатын құрылғының үшінші нұсқасын 1868 жылы Кристофер Шулиз деген адам жасап шығарып, үкіметтер мен зиялы қауымды қызықтырған. Кейін, 1973 жылы 1 наурызда америкалық «Ремингтон» құрал-жарақ фирмасы баспа машинкасының сериясын жасап шығара бастаған. Шулиз болса, пернетақтаны орналастыру қағидасы –QWERTY-ді ойлап тапты. Бұл бүгінгі компьтерлер де қолданылып келеді.

Жазушы, публицист Марк Твен. Фото: Wikipedia.

Жазу машинкасын алғаш рет пайдаланған жазушы –  Марк Твен атты америкалық танымал жазушы.

Бір қызығы, «Ремингтон» фирмасы бұл жазу машинкаларын әйелдер қолданады деп болжаған, әрі оның сыртын әйелдердің көзін жаулап алатындай әдемі етіп безендірген екен. 1910 жылға келгенде жазу машинкасын істететіндердің 19 пайызы ерлер болған. Бұл шама біртіндеп көбейе берген.

Барбара Блэкберн. Фото: Deutsche Welle.

 

Баспа машинкасы Гиннес кітабына жаңа есімдерді енгізді. Соның бірі, тексті ең тез терумен рекордтар тізіміне енген Барбара Блэкберн. Ол бір минутта 750 белгіні тере алған.

Адамзат қоғамына ғасырдан астам қызмет еткен баспа машинкасын өткен ғасырдың соңында пайда болған жаңа технологиялар алмастырды.

“The Qazaq Times”