Сомали астанасы Могадишо (Mogadishu) қаласында исламдық "аль-Шабааб" әскери тобы автокөліктерге шабуыл жасап, кемінде 18 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.

Полицияның мәлімдеуінше, топ сарбаздары президент резиденциясы жанындағы бақылау-өткізу пунктін бұзып, қауіпсіздік қызметкерлерін атқаннан кейін бірінші шабуылын жасаған. Ал екінші жарылыс қонақүй алдындағы көлікте болған.

Қауіпсіздік қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасамақ болған 5 сарбазға оқ жаудырды.

Могадишода өткен жылдың қазан айында белгісіз адамдар бірнеше жүк көлігін жарып жіберіп, 500-ден астам адам қайтыс болды. Бұл оқиғаға "ал-Шабааб" "ешқандай қатысымыз жоқ" деген болатын.

“The Qazaq Times”