Дариға Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын насихаттайтын телеарна ашуды ұсынды – деп хабарлайды Forbes журналы.

Басылым мәліметінше, Дариға Назарбаеваның басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сыртқы қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің делегациясы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездескен. Кездесу барысында Дариға Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді насихаттау өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын айтып, ЕАЭО телеарнасын құруды ұсынған.

“The Qazaq Times”