Уашингтонда ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов атындағы алаң ашылды – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, ақпан айының 27-сі күні АҚШ астанасындағы Ресей елшілігінің алдындағы алаңға оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың атын беру рәсімі өткен. Рәсімге Немцовтың әйелі мен қызы, Мемлекеттік департамент өкілдері, қалалық әкімшілік пен Конгресс қызметкерлері қатысқан. Борис Немцовтың қызы Жанна Немцова шараға байланысты Неміс толқынына берген сұхбатында: «Ресей Борис Немцов сияқты саясаткер және мемлекеттік қайраткермен мақтануы  тиіс. Ол Ресейді дамыған, демократиялық ел ретінде көргісі келді» - деген.

Ең алғаш Борис Немцовтың атын шаһардағы алаңдардың біріне беру туралы бастаманы 2016 жылы Флорида штатының сенаторы Марк Рубио көтерген. Осыдан кейін қалалық кеңестің шешімі бойынша Уашингтондағы Ресей елшілігінің алдындағы алаңға «Boris Nemzov Plaza» аты берілген.

“The Qazaq Times”