Алматы қаласы бойынша мемлекеттік істер агенттігі департаментінің өкілдері қаладағы жемқорлық жоқ университеттердің атын атады. 

"Жемқорлық мүлде жоқ университет ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, Нархозды атай аламын. Мен өзім барып, бұл университеттерде қабылданған шаралармен таныстым. Барлығы автоматтандырылған, шешімдер әріптес органдарға берілген",- деді ҚР мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің жетекшісі Айгүл Байханова.

Оның сөзінше, ҚазҰУ-да жатақхана орындарынан бастап, студенттерді халықаралық оқуға жіберу жұмыстарына дейін автоматтандырылған.

"Нархозда да осылай істелген. Оларда барлық емтихандар видеобақылау арқылы өткізіледі. Емтиханды студенттерге лекция оқыған оқытушылар емес, басқалары қабылдайды", - деді Байханова.

“The Qazaq Times”