Пиоңчаң қаласында өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына Қазақстан атынан 6 спортшы қатысады.

Паралимпиада ұлттық комитетінің хабарлауынша, Қазақстан намысын шаңғы жарысы мен биатлонда Александр Колядин, Денис Петренко, Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Қайрат Қанафин және Жаңыл Балтабаева қорғайтын болады.

Паралимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында 8 наурыз күні басталады. Онда тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, хоккей-следж, сноуборд, арбадағы керлинг спорт түрлері бойынша 80 медель сарапқа салынады.

“The Qazaq Times”