Йемен министрі  Біріккен Араб Әмірліктерін "елдің оңтүстігінде аймақтық және тайпалық әскер құру арқылы елді жік-жікке бөлгісі келеді" деп айыптауда, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.

Йеменнің көлік министрі Салех аль-Габвани (Saleh al-Gabwani) БАӘ бақылауындағы әскер жексенбі күні Балхаф қаласында жаңа порт ашуға бара жатқан жерінен жасағын кері қайтарған. Ал Балхаф қаласында табиғи газ өндіретін Йеменнің ірі зауыты мен ірі терминал (БАӘ күштері алып алған) орналасқан.

Габвани: "Эмираттықтар елімізде аймақтық және тайпалық әскер құрып жатыр. Мемлекет ретінде бұл жағдайдың жалғасуына жол бермеуіміз керек", - деді.

Халықаралық деңгейде мойындалған үкімет құру үшін Сауд Арабия басқаруындағы "хуситтер" атымен танымал сарбаздармен Йеменде 2015 жылдан бері азаматтық соғыс жалғасып келеді.

Бірақ оңтүстіктегі Аден қаласында орналасқан үкімет ондағы БАӘ әскерімен және олардың ресми одақтастары - хуситтермен сыйыспайды.

БАӘ йемендік әскерді жаттықтырып, қаржыландырып қана қоймай, жақында құрылған Оңтүстік Транзициялық Кеңеске де қолдау көрсетті. Кеңестің қарсыластары өткен айда Аден көшелерінде Йемен үкіметінің биліктен кетуін талап етті.

“The Qazaq Times”