Осы жылдың қаңтарында шоғырландырылған бюджет тапшылығы 333,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы. 

Қауымдастықтың мәліметінше, шығын кірістен 261,9 млрд теңгеге көп. 2018 жылғы қаңтарда кіріс 552,58 млрд теңгеге тең болған және жылдық орындалуы тиіс бюджет кірісінің 5,7 пайызын құрайды.

"2018 жылға жоспарланған салық түсімдері қаңтар айында 5,9 пайызға орындалды. Салықтық емес түсімдер 27,11 млрд теңгені құрады. Жылдық жоспар 151,95 млрд теңге деп болжанған. 2018 жылы негізгі капиталды 62,25 млрд теңгеге толтыру жоспарланған. Ақпан айында салық түсімдері әлдеқайда жақсы болады деп ойлаймыз", - делінген қауымдастық хабарламасында.

Осылайша, 2018 жылдың қаңтарында 814,52 млрд теңге жұмсалған, бұл осы жылға бекітілген бюджеттің 6,6 пайызы. Ал 2017 жылдың қаңтарында шоғырландырылған бюджет шығыны 641,3 млрд теңгені құраған. Шығынның 27,3 пайызы әлеуметтік көмекке (222,34 млрд теңге), 23,0 пайызы денсаулық сақтауға (187,07 млрд теңге), 14,2 пайызы білім саласына (115,29 млрд теңге) жұмсалыпты.

Бюджет тапшылығы осы жылдың қаңтарында 333,5 млрд теңгені құрады. Бір жыл бойғы бюджет тапшылығы 1221,59 млрд теңге көлемінде болуы мүмкін. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде республикалық бюджетке 420 млрд теңге аударылған.

“The Qazaq Times”