Прагада Сүрия күрдтерінің басшысы ұсталды – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Түркия билігі Сүрия күрдтерінің басшысы Салих Мүслімге халықаралық іздеу жариялағаннан кейін оны Чехия құзырлы органдары 24 ақпан күні Прага қаласында ұстаған. Салих Мүслім ұстала салысымен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Чехия билігінен оны Анкараға экстрадициялауды сұраған. Бірақ ресми Прага Ердоғанның талабын орындамаған. Қазіргі таңда Салих Мүслімді Түркияға экстрадициялауға байланысты келіссөздер жүргізілуде.

Ресми Анкара «Сүрия күрдтерін» Түркия аумағында террорлық ұйым деп саналатын «Күрд жұмысшылар партиясының» Сүриядағы бөлімшесі деп есептейді. Осыған байланысты 20 қаңтар күні Түркия күрдтер көп шоғырланған Сүрияның Африн аумағына әскер кіргізіп, «Зәйтүн бұтағы» әскери операциясын бастады.

“The Qazaq Times”