Airbus әуе концерні әуе таксиін тексерістен өткізді. Ұшқыш такси қаңтар айының соңында АҚШ-тың Орегон штатында сынақтан өткен. Компания көліктің ұшуы қалай болғаны туралы видеоны жариялады.

Vahana жобасын жасағандар бұл такси прототипін Alpha One деп атаған. Ұшқыш көлікке төрт бірдей мотор мен алдыңғы және артқы қанаттар орналастырылған. Құрылғының қуаты 5 мың метрден астам биіктікке көтерілуге мүмкіндік береді, алайда ең жоғары жылдамдық әзірге белгісіз.

Жоғарыда көрсетілген видеода әуе таксиінің қалай қонғаны бейнеленген. N + 1 порталының мәліметінше, Vahana-ның бірінші рет ұшу уақыты бір минутқа созылып, максималды биіктікке көтерілген, 53 секунд ішінде көкке көтеріліп, біртіндеп қонған.

Мәліметтерге қарағанда әуе таксидің бір жолаушыны немесе жүкті тасымалдай алатын мүмкіндігі бар. Ал мұндай көлік түрін жасап шығу көлік кептелісі мәселесін шешуге көмектеседі. Аталған көліктің қызметі алдағы бес жыл ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінде пайда болады.

“The Qazaq Times”