АҚШ биатлоншылары Ресейде өтетін әлем кубогына байкот жариялады – деп хабарлайды «Неміс толқыны» ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, АҚШ Биатлон федерациясы Ресейдің Түмен қаласында өтетін әлем кубогына қатысудан бас тартқаны жөнінде өзінің Twitter парақшасына жазған. Онда федерация басшылығы: «Ресейдің іс-әрекеті халықарлық допингке қарсы агенттіктің заңдарына сәкес келмейді. Түмен қаласында әлем кубогын өткізу әлемдік допингке қарсы қауымдастыққа пысқырыпта қарамау» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Канада Биатлон федерациясы Ресейде өтетін әлем кубогына қатысудан бас тартқан болатын. Олар өздерінің бұндай қадамға баруын Ресей Федерациясының допингке қарсы құрылымдарының сенімсіздігімен түсіндірген.

“The Qazaq Times”