Пентагонның ресми өкілі АҚШ-тың Сүриядағы ДАИШ күштеріне қарсы соғыстағы қолдаушыларының бірі YPG қарулы тобының Афринге қарай бет алғанын мәлімдеді. Бұл туралы VOA басылымы хабарлады.

Пентагон мәлімдемешісі Хеттер Науерт мәлімдемесінде, YPG қарулы күштерінің Түркия армиясы кірген Африн аймағына бет алғанын, себебі аймақта олардың туыстары бар болуы мүмкін екенін алға тартты. Сонымен бірге, АҚШ аталған ұйыммен бұрынғыдай терроризмге қарсы ортақ күресе алмайтынын айтты.

Аталмыш YPG күштері Сүриядағы күрд жасақтарынан құралған «Халықтың өзін өзі қорғау армиясы» деп аталады. Құрама Штат Сүрия жерінде ДАИШ-ке қарсы күрес қызу жүріп тұрған кезінде бұл қарулы топтарды да терроризмге қарсы күресуші одақтас күш ретінде санап, қару-жарақпен қамтамасыз еткен. Дегенмен, тікелей АҚШ-тың қолдауында деп қадап айту қиын. Себебі, АҚШ басқарған терроризмге қарсы халықаралық коалиция YPG-ге қару-жарақ бергендіктен, 17 мемлекеттің қаруы аталған ұйымнан табылады.

Анкара билігі бұл топты Түркия ішіндегі PKK және PYD күштерімен астыртын байланысқан бөлшектеуші террорлық ұйым деп жариялаған.

“The Qazaq Times”