Ирак Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, ДАИШ ұйымына мүше болып кірген 31 ресейлікті еліне қайтарғанын айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ирак СІМ басшысы Ахмет Махжуб жасаған мәліметте, Бағдат билігінің террорлық топтарға қарсы тазалау операциясы кезінде анықталған ресейлік азаматтардың төртеуі әйел. Тергеу барысында олардың ұйымның әрекеттеріне қатыспағаны расталған. 31 азаматтың арасында балалар да бар.

Осыдан бір жыл бұрын (2017 жылы ақпанда) Мәскеуде өткен ТМД елдері қауіпсіздік ұйымдарының басшылары  жиналысында Ирак пен Сүрия жеріндегі экстремистерді анықтау және олардың Сүрия аумағына кіруінің алдын алу мәселесі талқыланған болатын. Мәліметтерде Сүрия мен Ирактағы террорлық топтарға 7 мыңнан астам ТМД елдерінің азаматтары қатысқаны айтылған.

“The Qazaq Times”