Кәсіпкер Илон Маск транспорттық туннель салуға жазбаша рұқсат алды. Енді Уашингтон ( Washington DC) мен Нью-Йорк арасы бар болғаны 29 минуттық жолға айналады, - деп хабарлайды "Dezeen" басылымы. 

Масктың инфрақұрылымдық " The Boring Company " компаниясы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы " Hyperloop " туннель (өткен жылдың жазында үкіметтен рұқсат алған) құрылысын бастауға қажет барлық құжаттарға қол жеткізді.

Жолаушылар мен тасымалдаушы транспорттар туннель ішімен жоғары жылдамдықпен жүреді. Бұл бір қаладан екіншісіне жету уақытын қысқартып қана қоймай, үстіндегі жолдарда көлік кептелісін азайту үшін қарастырылған. Болашақта бұл туннельге Балтимор мен Филадельфияны қосу жоспарлануда. Маск осындай туннельді бітпейтін көлік кептелісінен құтылу үшін Лос-Анджелесте салуды ұсынған, бірақ бұл ұсыныс халық тарапынан қолдауға ие болмады.

" Hyperloop " идеясы алғаш рет 2013 жылы ұсынылды. " Hyperloop One " жобасы сағатына 190 миль шақырыммен көліктерді тасымалдай алатынын өткен жылғы сынақ кезінде дәлелдеді. Ричард Брэнсон компаниясының инвестициясынан кейін жоба атауы " Virgin Hyperloop One "- ға өзгерді.

Осы уақытқа дейін  Дубай мен Абу-Даби, Еуропаның негізгі астаналары Братислава ( Bratislava), Вена (Vienna) және Будапештті (Budapest) және Мексика (Mexico City) мен Гвадалахараны (Guadalajara) байланыстыру үшін "Hyperloop " туннелін салу идеясы талқыланған болатын..

Маск электркөліктер шығаратын "Tesla " компаниясының негізін қалаушы және жақында "ғарышқа ең мықты зымыран ұшырған" "SpaceX" компаниясының басшысы.

“The Qazaq Times”