Қазақстан аумағында ұсталған Қырғызстан депутаты Дәмірбек Асылбекұлы Қордай ауданының тумасы, ұлты қазақ – деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде: «Кәмелеттік жасқа жеткеннен кейін оған туу туралы куәлігі негізінде  Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігі табысталған. 2010 жылы жеке куәлігінің мерзімінің аяқталуына байланысты қайта құжатталған. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға байланысты өкілетті органдарға өтініш бермеген. Қазіргі таңда аталмыш іске байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде» - делінген.

Естеріңізге салайық, ақпан айының 15-і күні Алматы қаласында Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы ұсталған болатын. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 234 бабының 3 тармағы және 264 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алынды.

“The Qazaq Times”