БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Қауіпсіздік кеңесті 30 күн ішінде қақтығысты тоқтатуға, Шығыс Гутадағы 400 тұрғынға көмектесуге шақырды. Ол сөзінде: «бұл тұрғындар жер бетіндегі тозақта қалып отыр», – деп алаңдаушылығын білдірді. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.

Былтыр Сүрия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей, Иран және Түркия үш ел ортасындағы келісім бойынша, Шығыс Гута Сүриядағы «қақтығыссыз аймақтың» бірі болған. Алайда, Сүрия үкімет күштері мен оның одақтастары бұл аумақта шабуылдарға көп ұшырағандықтан шиеленіс өрши түскен. Шығыс Гута болса Сүрияның орталық қаласы Дамаск шаһарына жақын әрі сепаратистердің бақылауындағы өңір болып саналады.

БҰҰ жариялаған мәліметке қарағанда, 4 ақпаннан бері аталған аймақта ең аз болғанда 346 адам қаза болған. АҚШ тарабының кеше жасаған мәлімдемесінде Ресей және оның серіктерін «орта деңгейдегі демонстрация аймағын» сақтауға деген ұмтылысты құрметтеуге шақырды. Әсіресе, Шығыс Гута қақтығысты болдырмауға көбірек күш салуын үміт етті. Әрі аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізуге және зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатуға тырысатынын білдірді.

“The Qazaq Times”