Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиге Украина аумағына кіруге тыйым салынды – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Украина шекара қызметі Михаил Саакашвилиге ел аумағына кіруге 2021 жылға дейін тыйым салған. Бұл ақпаратты Саакашвилидің қорғаушысы (адвокаты) Руслан Чернолуцкийде растаған және ресми Киевтің бұл шешімімен келіспейтінін айтып, алдағы уақытта Украина Жоғары сотына шағымданатынын жеткізген.

Естеріңізге салайық, 12 ақпан күні Михаил Саакашвили Киев қаласында ұсталып, Польшаға депортацияланған болатын. Кейіннен ол өзінің Украина аумағынан депортациялануының артында ел президенті Петр Порошенконың тұрғандығын айтып, Германия канцлері Ангела Меркель мен Еуроодақтан көмек сұраған.

“The Qazaq Times”