2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 6 (Аустрия, Эквадор, Латвия, Бразилия Израиль, Сауд Арабиясы) мемлекетпен тауар айналымын 20 пайызға төмендетті. Осылайша Қазақстан 200 млн доллар болатын экспорт көлемін қоса алғанда тауар айналымынан 270 млн доллар жоғалтып отыр. Жалпы Қазақстан 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен де тауар айналымын азайтқан.

Аустрия (-20,2 пайыз)

Бір жыл ішінде аталған елмен жасалған келісімдер 40 млн долларға немесе 20 пайызға төмендеген. Ал мұның басты себебі - Еуропа елінің Қазақстан мұнайынан бас тартуы.

Эквадор (-21,7%)

Эквадор мен Қазақстан арасында басты сауда қарым-қатынасы бананға байланысты болды. 2016 жылы импорт көлемі 17,1 млн долларды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш екі есеге немесе 8,5 млн долларға дейін азайған. Мұның өзі екі ел арасындағы аздаған тауар айналымына әсер еткен. Дегенмен Эквадор Қазақстан нарығына гүл сату арқылы қайта кіре бастады.

Гүл сату бойынша жасалған келісім 17,1 млн долларды құрап, эквадор гүлі Қазақстанда жоғары сұранысқа ие болды.

Ал экспортқа келер болсақ - нөлге тең деуге болады. Қазақстан әзірге Эквадор үшін аса ұтымды тауар түрлерін ұсынып отырған жоқ. Сондықтан Қазақстанның Эквадорға экспорты 67,2 мың долларды құрады.

Латвия (-22,2%)

Қазақстан әзірше Латвиямен сауда көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтуға тырысуда. Өйткені жоғарыда атап өткендей, Қазақстанның көрші елдермен сауда байланысы азайған. Қазақстан бұл елге мұнай экспорттап отыр деген күннің өзінде оның көлемі 2017 жылы 37,7 млн долларға азайған. Десек те 2016 жылдан бері Қазақстан Латвияға мақта сатуды арттырған. Балтық жағалауындағы мемлекет қазақстандық шикізатты сатып алуға 2016 жылы 38,5 млн доллар, 2017 жылы 50,6 млн доллар жұмсады.

Ал Латвиядан келетін импорт көлемі де көп емес, 2017 жылы  23,8 млн долларды құрады. Бұл елден келетін негізгі тауар - дәрілер. Латвия дәрі-дәрмегі үшін Қазақстан 6,6 млн доллар жұмсаған.

Бразилия (-25,7%)

Бразилиямен тауар айналымы көбіне импортпен байланысты. Қазақстанда бұл елмен болған импорт көлемі жалпы келісімнің 80 пайызын құрайды. Бразилиядан келетін басты тауар - қант қызылшасы (2016 жылы 136,2 млн долларға қант қызылшасы жеткізілген). Алайда 2017 жылы Қазақстанға Ресейден қант қызылшасы көптеп келе бастады. Нәтижесінде, Бразилиямен сауда байланысы үш есеге (- 47,9 млн доллар) азайып кетті. Экспорт көлемі де айтарлықтай көп емес. Күкіртке сұраныстың төмендеуіне байланысты, сатылым көлемі 25,4 млн доллардан 22,6 млн долларға дейін төмендеді.

Израиль (-40,9%)

Қазақстан мұнайлы ел екенін ескерсек, көп елдермен де осы шикізатты экспорттау бойынша келісім жасайды. Израиль Қазақстанның қара алтынын тұтынушы елдер қатарында. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, бұл елге 212,1 млн долларға мұнай сатылған және көрсеткіш екі ел арасындағы тауар айналымының 70 пайызын құрайды. Алайда соңғы уақытта қазақстандық шикізатқа сұраныс 110,1 млн долларға төмендегендіктен, сауда көлемі де айтарлықтай азайған.

Ал импортқа келер болсақ, Қазақстан Израильден ұшуға арналған аппараттарды сатып алуды азайтқан. Сондай-ақ, ұялы телефон сатып алу 12,8-ден 5,9 млн долларға дейін төендеген.

Сауд Арабиясы (-47,7%)

Қазақстанмен тауар айналымы төмендеген елдердің бірі - Сауд Арабиясы. 2016 жылы Қазақстан аталған елге  сұранысқа ие көптеген тауарды, соның ішінде қазандықтарға арналған қосалқы бөлшектерді (-7 млн доллар) және электр энергиясын өндіруші қондырғыларды (-5,3 млн доллар) экспорттауды азайтты. Бірақ олардың орнына 15,8 млн долларға басқа таура түрлері экспортталды.

“The Qazaq Times”