Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасындағы «Кәрімов қабырғасы» құлатылды – деп хабарлайды ca-news ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ақпан айының 18-і күні Өзбекстанның Самарқант облысы мен Тәжікстанның Согди облыстарын бөліп тұрған халық арасында «Кәрімов қабырғасы» деп аталып кеткен қабырға құлатылған. 2010 жылы Өзбекстан билігінің бастамасы бойынша салынған биіктігі 3 метрлік қабырғаны құлату рәсіміне Өзбекстан шекара қызметі өкілдері мен Тәжікстан шекара қызметі өкілдері қатысқан.

Тәжікстан БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бұзылған «Кәрімов қабырғасының» орнына алдағы уақытта қонақ үй, көлік тұрағы және заманауи талаптарға сай бақылау бекеті салынбақ.

“The Qazaq Times”