Франция президенті Эммануель Макронның  (Emmanuel Macron) "En Marche" қозғалысынан кейін Лондонда Брекситке қарсы жаңа партия құрылды, - деп хабарлайды Euronews  ақпарат агенттігі. 

Ұлыбритания ЕО-дан шыққанға дейін бар болғаны 13 ай қалса да, бұл шешімнің қарсыластары мұны болдырмаудың барлық амалын қарастырып жатыр. Олардың ойынша, Ұлыбритания ЕО-дан шыққан жағдайда, бұл елдің екінші дүниежүзілік соғыстан бері жасаған ең үлкен қателігі болмақ.

Макронның өткен жылғы "En Marche" қозғалысынан кейін Ұлыбританияда "The Renew" партиясы құрылды. Партия ЕО мүшелерінің қолдауына ие, жоғарғы сайлау округтеріндегі Брекситті жақтайтын заң шығарушылар қызметін сынайды.

Партияның стратегиясына жауапты Жеймс Торренс ( James Torrance):"Депутаттарды ұлттық мүддеге назар аударуға итермелеп, ЕО жөніндегі нақты келісімге келгенге дейін жақтастардың санын көбейте аламыз деген ойдамыз", - деді.

Бухгалтер, журналист және кеңесші негізін қалаған партия мамыр айында өтетін жергілікті сайлауда өздерін көрсетіп, ұлттық деңгейде өтетін сайлауда барлық 650 орынға таласатын жоспары бар.

2016 жылғы референдумда Ұлыбритания халқының 51,9 %-ы (17,4 млн адам) ЕО құрамынан шығуға қарсы емес екенін білдірді. Ал қалған 48,1 %-ы (16,1 млн адам) ЕО құрамында қалғысы келетін көрінеді.

ЕО-дан шыққаннан кейін Ұлыбританияның белгілі бір жинақтарын қайтарып алу туралы келісіміне Брюссельден рұқсат берілмеуі мүмкін. Осы ой Ұлыбританияның ЕО-дан шығудағы кемшіліктерінің тізімін толықтырып, Брексит жақтастары ойларын өзгертетін шығар деген үміт бар.

“The Qazaq Times”