Латвияның Орталық Банк төрағасын елдің жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі тұтқынға алды. Елдің Қаржы министрі тергеу жүріп жатқан кезде Илмарс Римшевичтен (Ilmars Rimsevics ) өз еркімен орнын босатуын сұрады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.

Төрағаны тұтқынға алуға байланысты нақты ешқандай ақпарат жарияланбады. Римшевич сонымен қатар Еуропалық Орталық Банктің басқарма кеңесінің мүшесі.

Әлемдік дағдарыс салдарынан өндірісінің 1/5 бөлігін жоғалтқан Латвия енді есін жинап келе жатқанда, Орталық Банк төрағасының жемқорлықпен күрес агенттігіне ұсталуы ел экономикасына зиянын тигізе ме деген қауіп бар.

“The Qazaq Times”