АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Уашингтон ресейліктерге қарсы жаңа санкция енгізуді қарастырып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы CBS телеарнасынағы сұхбатында айтты, деп хабарлайды Прайм.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, АҚШ Ресейдың қорғаныс операцияларының жүзеге асуына жол бермес үшін CAATSA заңы бойынша ("АҚШ-тың санкция арқылы қарсыластарына қарсы тұру туралы" заңы) қадамдар жасап қойған.

Айта кетейік, бұдан бұрын АҚШ Қаржы министрлігі болашақта санкцияға ілінуі мүмкін Ресей билігіне жақын олигархтар мен саясаткерлерінің «Кремль баяндамасы» деп аталатын тізімін жариялаған еді. Құжатта ресейлік 114 саясаткер мен 96 бизнесменнің аты көрсетілген. Олардың ішінде премьер-министр Дмитрий Медведевтен бастап, президенті Владимир Путиннің маңайында жүрген аты шулы олигархтар Роман Аврамович пен Әлішер Усманов сынды азаматтардың есімдері бар.

“The Qazaq Times”