Альпідегі қар көшкіні екі құтқарушының өмірін алып кетті, - деп мәлімдейді Euronews ақпарат агенттігі.

Құрбан болғандардың денелері Ломбардия (Lombardia) аймағындағы Гриньетта (Grignetta) тауынан солтүстікке қарай орналасқан Леккодан (Lecco) табылды.

Оқиға орын алған жерге тікұшақпен жедел көмек көрсету қызметі, полиция және құтқару қызметі барды.

Бір адамның денесін құтқару қызметі әлі таба алмаған көрінеді. Бірақ бұл ақпарат әлі расталмады.

Италияның орталығындағы таулы аймақта тамыз айынан бері жер сілкіністері жалғасып келеді. Содан бері біршама үй мен ауыл-аймақ қирады. Тамыз айында болған қатты жер сілкінісі шамамен 300 адамды мерт қылды. Аймақтың тұрғындары уақытылы басқа жаққа көшірілгендіктен, қазанда болған жер сілкінісінен адам шығыны болмаған.

“The Qazaq Times”