Британдық үкімет қызметкерлері былтыр маусым айындағы ғаламторда кең көлемде тараған «Петя» вирусы кибершабуылының артында Ресейдің тұрғанын мәлімдеді. Бұл кибершабуыл FedEx компаниясына, Контейнерлік жүк тасымалдау алыбы А.П. Мюллер - Maersk Group-ке, фармацевтикалық өндіруші Merck & Co. Inc. (MRK) компаниясы және көптеген трансұлттық компанияларға әсер етіп, көп шығынға ұшыратқан болатын. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Былтыр кибершабуыл кезінде Украина өкілдері бұл киберқылмыстың басты жауапкершілігі Ресейде деп көрсеткен еді. Ал, сәрсенбі күнгі Ұлыбритания жақтың жасаған мәлімдемесінде Ресей алғаш рет кибершабуыл ісімен  ресми түрде айыпталды.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі жасаған мәліметте, британдық барлаушылар Ресейдің әскери қызметіндегі хакерлердің «Петя» вирусын таратқан деп тұрақтандырғанын мәлімдеді. Бұған қоса, Ресейдің киберқылмыстық әрекеттерінің Ұлыбританияға және оған одақтас елдерге  зиян келтірмеуі үшін бұл әрекетті ашық жариялау шешіміне келгенін атап көрсетті.

Біріккен корольдік үкіметінің мәліметінде, Ресейдің киберқылмыстық әрекетін тұрақтандыратын нақты дәлелдерді ашып көрсетпеді. «WSJ» басылымының тілшілері Уашингтондағы Ресей елшілігінен бұл мәселеге түсінік беруін сұраған. Алайда, аталған елшілік жауап қайтармаған.

“The Qazaq Times”