АҚШ-тың Миннесота штатында бірінші рет мұсылман әкім болғалы отырған әйел өміріне қауіп төндіретін хаттар алғанын айтты, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.

Миннеаполистан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Рочестер қаласының әкімдігіне сайланып жатқан Регина Мустафа (Regina Mustafa) осы аптаның басында "Militia Movement"-тың "өлтіреміз" деп ғаламторда қоқан лоқы көрсеткенін айтты.

Өзінің твиттер аккаунтында Регина: "Бірақ мен жолымнан таймаймын.  әзіл деп қарастыруға болмайды. Халқына қызмет етуді көздейтін адам сайлау кезінде қорқыныш сезімінде болмау керек" деп жазды.

Мустафа өзіне келіп түскен қорқыту хаттарын полицияға жолдаған.

Рочестердің 114 мың халқының 12  мыңға жуығы мұсылмандар.

Америка-Ислам қарым-қатынасы жөніндегі Кеңес (CAIR) полициядан бұл іске қатысты тергеу жүргізуін талап етті.

CAIR -дың Миннесотадағы бөлімшесінің атқарушы директоры Джайлани Хусейн (Jaylani Hussein): "Біз мемлекеттік және федералды құқық қорғау органдарынан штатымыздың саяси ісіне араласуға ұмтылатындардың мұсылмандар қауымдастығының мүшелеріне қауіп төндіруіне қатысты іс қозғауды талап етеміз", - деді.

“The Qazaq Times”