2017 жылдың 4 тоқсанында Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 439,3 мың адамды құрады және көрсеткіш 4,9 пайызға жетті. 

Мұның ішінде жұмыссыз жүрген ер адамдардың саны 46,1 пайыз немесе 202,6 мың адам. Ал жұмыссыз әйелдер көрсеткіші 53,9% (236,7 мың адам).

Жалпы жұмыссыздар арасында еңбек биржасына 36,6 мың адам өтініш қалдырған. Олар 15-24 жас аралығындағы жастар. Сондай-ақ, 25-34 жас аралығындағы 173 мың адам, 35-44 жастағы 101 мың, 45-54 жастағы 85,5  мың,  55-64 жастағы 42,3 мың адам жұмыс іздеген. Ал еңбек биржасында жасы 64-тен асқандардың саны 400 адам болды.

Бұл көрсеткіштің ішінде 15-34 жас аралығындағы ерлердің саны 85,8 мың, әйелдердікі - 124,5 мың адам.

Байқағанымыздай, жұмыссыздардың ең көбі 25-34 жас аралығындағы жастар (5,8%) болып отыр.

“The Qazaq Times”