Саудтық әйелдерге Эр-Рияд қаласындағы футбол стадионында жанұяларға арналған орында матч көруге рұқсат берілді, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі. Бұл патшалық тарихындағы маңызды сәт болып отыр.

Бұл қадамды Сауд Арабияның әйелдерге қатысты шектеулерін жеңілдете бастауы деп қабылдасақ болады.

Эр-Риядтағы ойын кезінде жоғары мектебінің мұғалімі Нора: "Мен не істегім келеді, соны істеймін. Менің не істегім келетінін басқа адам шешпейді. Оны жалғыз мен шешемін. Бұл жай менің адам екенімді білдіреді", - деген.

Ал есімін жасырып қалған футбол жанкүйері: "Менің ойымша, мұндай шараларға келгенде ер болсын, әйел болсын, ешқандай айырмашылық жоқ. Сол себепті бұл шешімнің қабылданғанына өте қуаныштымын", - деді.

Патшалықта жақында билік басына келген ханзада бастаған реформалар шеңберінде қаңтардан бастап стадиондарға әйелдерге кіруге рұқсат берілді.

Сонымен қатар маусым айынан бастап әйелдерге көлік айдауға рұқсат берілген еді. Осы уақытқа дейін Сауд Арабия тек ерлері көлік айдайтын жалғыз ел болып келді.

“The Qazaq Times”