АҚШ-тың бірнеше жоғары лауазымдыларының берген мәліметіне қарағанда, соңғы бірнеше аптадан бергі жалғасып жатқан Уашингтон билігінің ішіндегі талқылаудан кейін, Трамп үкіметі Солтүстік Корея бағыттаған стратегиясын өзгертеді. Айталық, КХДР-мен ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы алдын ала жүргізетін келіссөздерге дайын екенін білдірді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Кейбір сарапшылар бұл қадамды «келіссөздер үшін келіссөз» деп атап, АҚШ үкіметінің бұрынғы екі ел арасындағы келіссөз Солтүстік Корея ядролық қаруынан бас тартқаннан кейін ғана жүргізеді деген ұстанымның өзгергенін айтады. АҚШ ұстанымының өзгергенін, дүйсенбі күні мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның сөзінен де аңғаруға болады. Каирге жасаған сапары кезінде Тиллерсон болашақтағы ресми келіссөздер үшін алдын ала жасалатын келіссөздерде АҚШ-тың бұрынғы ұстанымын шегере тұратынын айтып өтті.

Бұл туралы Рекс Тиллерсонның пікірінен бұрын АҚШ вице-президенті Майк Пенс Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу кезінде, сол елдің президентіне де айтқан болатын. Айталық оның Солтүстік Кореямен кездесуге дайын екенін жеткізуі, АҚШ үкіметінің Солтүстік Кореямен ядролық қарудан бас тартқаннан кейін ғана келіссөз жүргізу ұстанымының өзгергенін білдіреді.

Дегенмен бір нәрсені анық түсінуге тура келеді. АҚШ-тың келіссөз туралы ұстанымының жұмсаруы, Солтүстік Кореяға экономикалық және саяси қысым жасаудан бас тартты дегенді білдірмейді.

АҚШ үкіметінің жоғары лауазымдылары түсінік бергенде, Уашингтон билігі  Солтүстік Корея ядролық бағдарламасынан бас тартып, әрі нақты келіссөзге келгенге дейін АҚШ үш салада – экономикалық, саяси және қарулы күштер арқылы қысымды жалғастыратынын айтқан.

“The Qazaq Times”