Италия полицейлері жалпы құны 41 млн еуро болатын 50 және 100 еуролық жалған банкноталарды тәркіледі, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.

Табылған жалған ақшаны санауға полицейлердің 5 сағат уақыты кетті. Банкноталар 90 пакетке оралып, пластик бөшкелерге жасырылған.

Бөшкелер Напл (Naples) қаласындағы 67 жастағы ер адамның үйінен табылған. Аталған ер адамның, жергілікті полицей қызметкерлерінің мәліметінше, бұрын осыған ұқсас қылмыстық істерге қатысы бар болған.

Ер азамат қамауға алынып, жалған ақша Италияның Орталық Банкіне жіберілді.

“The Qazaq Times”