Жексенбіде болған қайғылы оқиға туралы әлемдік ақпарат құралдары жазып жатыр. Кеше түстен кейін Мәскеуден Орск қаласына жол алған Ан-148 ұшағы әуеге көтеріліп бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырады. Ұшақта 6 экипаж мүшесі 65 жолаушы болған.  Әуе апатынан қираған ұшақ қалдықтары Раменский аймағынан табылды. Алдын ала берілген мәліметтерден ұшақтағылар түгелдей қаза тапқан.

Хабарларға қарағанда Мәскеу уақытымен 14 сағат 21 минутта кеңістікке көтерілген ұшақтан бірнеше минуттан кейін байланыс үзілген. Аталған ұшақтың түсініксіз жағдайда апатқа ұшырағанын "Flightradar" сайты жазды. Ан-148 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін сағатына 600 шақырымдық жылдамдықпен 1800 метр биіктікте ұшып бара жатып, тосын жағдайда  1500 метрге дейін төмендеп кетеді. Біртіндеп 1800 метр биіктікке қайта көтерілген, алайда осыдан кейін бірден жерге құлайды. 900 метрге дейін төмендегеннен соң радардан жоғалып кетеді.

Кейбір ақпарат көздері өзге бір тікұшақпен қақтығысқан болуы мүмкін деген де болжамдар айтты. Алайда, бұл сөз расталмады.

Ресейлік қауіпсіздік тараулары бұл оқиғаның үстінен қылмыстық іс қозғап отыр. "Саратов әуе жолы" компаниясын да қатаң тексеріс күтіп тұр. Дегенмен, қазірге дейін ұшақ апатының нақты себебі тұрақтандырылмады. Десе де, кейбір басылымдар ақпарат көздеріне сілтеме беріп, "ұшақ қозғалтқышының істемей қалғаны апаттың басты себебі" деп көрсетті.

Mash арнасы да осы пікірді қуаттайды. Арнаның таратқан хабарында "ұшақтың қозғалтқыштарының бірі істен шығып, тепе-теңдік сақтай алмай апатқа ұшырады" деді.

Ан-148 - Ресей мен Украина бірлесіп шығарған ұшақ. Кейінгі кездері бұл ұшақты Ресей өніріп келіген, алайда, Ресей мен Украина арасындағы жанжалдан кейін бұндай үлгідегі ұшақтарды өндіру тоқтап қалған. Бұл рет апатқа ұшыраған ұшақты 2010 жылы жасап шығарған авиақұрылыс кәсіпорнына да тексеру комиссиясы аттанды.

“The Qazaq Times”