ҚР үкіметінің кеңейтілген жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық қорының болашағы туралы сөз қозғады.

Президенттің сөзінше, қордың жұмысы өзгеру керек және оның басты міндеті - тиімді басқарып, инвестициялау арқылы актив құнын арттыру.

"Қор жалақысы көп адамдар жиналып, түрлі құрылымдар құру сияқты өзіне тән емес қызметтерге ештеме жұмсамау керек. Өмірзақ Шөкеев ("Самұрық-Қазына" ұлттық қорының бұрынғы басшысы) жұмысты трансформациялаудан бастады, соны жалғасытру керек. Қордың жұмысы мүлде басқа жолға бұрылу керек. Мен "Самұрық-Қазынаны" трансформациялау бағдарламасының түзетілген стратегиясын ұсынуды тапсырамын. Ұлттық компанияларды дамытамыз ба, әлде бұрынғыдай үкіметтің қол астына береміз бе, оны шешеміз. Қарастыру керек", - деді президент.

“The Qazaq Times”