Қытай жаңа шаралар қолданып, АҚШ-тың жаңа салық реформасына тоқтатуға тырысуда. Ресми Бейжің билігі Трамп үкіметі жасаған қысымды әлсіретуді мақсатында, күн энергиясын тақталары және кір жуу машинасына қаратқан жаңа салық ережесіне наразылық білдіріп, Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (WTO) шағым түсірді. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.

Аталған шағымда: «Трамп үкіметінің жаңа салық ережелері, осыған дейін сақталып келе жатқан халықаралық ережелерге сай емес, АҚШ тарабы бұдан келіп шыққан шығындарға тиісті төлемақы беруі тиіс», - делінген.

Трамп үкіметі осыған дейін мүмкіндігінше, Қытайдың ықпалды сауда әрекеттерін тежеу саясатын жүргізіп келді. Бұл саясатының ішінде инвестиция салуды шектеу және жаңа салық реформасы да бар. Ақ үйдің мәліметіне қарағанда, Қытайдың АҚШ-тан ұрлайтын зияткерлік өнімдерінің өзі жылына Құрама Штатқа 1 млрд доллар зиян келтіреді екен.

Трамп үкіметі Қытайдың ДСҰ-ға жасаған шағымына қатты бір мән беріп кетпейтінін айтты. Қытай қазір күн энергиясы тақталарын шығарушы ірі ел болып саналатындықтан, АҚШ үкіметінің бұл салаға жасаған кедергісі Бейжіңнің ДСҰ-дан көмек сұрауға мәжбүр етті.

ДСҰ АҚШ пен Қытайды ортақ мәмілеге шақырып отыр. Қос тарапқа мәмілеге келу үшін берілген уақыт бір апта, соған сай егер 30 күн ішінде екі ел ортақ мәмілеге келе алмаса, онда ДСҰ Қытайдың қайтарма санкция салуына жол бергелі отыр. Бірақ, Қытай қарсы санкцияны тек үш жылдан кейін ғана жүзеге асыра алады.

Екі ел арасындағы шиеленіс тек саудада ғана емес, Трамптың «Әуелі Америка» саясатының әсерінен АҚШ-Қытай арасындағы дипломатиялық қайшылықтар да шиеленісе түспек. АҚШ және оның одақтастары Қытайдың сауда әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, АҚШ одақтастары Трамп үкіметімен бірге Қытайға қарсы шараларды қайта іске қосуы мүмкін екенін ескертті.

Қытай басшысы әлем алдында Қытайды АҚШ-қа пара-пар алып экономика, әлемнің жаңа көшбасшысы ретінде көрсетуге тырысқан. Алайда, АҚШ-Қытай қарым-қатынасы қазір, әсіресе сауда-саттықта отаса алмастай күйге түсті. Бұл екі ел үшін де, әлем экономикасы үшінде жаңа шиеленісті мәселе болып тұр.

“The Qazaq Times”