2018 жылдың қаңтар айында Астанада жүзден аса көлік нөмірі берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Астана ІІД сілтеме жасап. 

Мәліметке қарағанда, 2018 жылы 1 қаңтарда  мемлекеттік тіркеуден өткен 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707  нөмірі бар көліктердің тізімін қайта қаралған. Сұраныс көп осындай бір номердің құны – 137 мың 85 теңгені құрайды.

Ал ААА, ВВВ, ССС т.б. бірдей әріпті белгісі бар номерлер – 137 мың 85 теңге.

Сонымен Астанада осы категорияға жататын 141 белгі шамамен 20 млн теңгеге берілген.

Сонымен қатар, қазіргі кезде де 001, 002,003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777, сондай-ақ 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 111, 222, 333, 444, 555, 666, 888, 999 нөмірлеріне деген сұраныс жоғары болғандықтан үлестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айталық, 2018 жылдың қаңтарында құны 45 млн теңгені құрайтын жүзден астам номер берілген.

“The Qazaq Times”