Никос Анастазиадес (Nicos Anastasiades) сайлау қорытындысы бойынша жалпы дауыстың 56 пайызына ие болды. Ол Euronews - қа берген сұхбатында Түркиядағы кипрлықтарды қайтаруды басты мақсат ететінін айтты.

Никос Анастазиадес Кипр Республикасының президенттігіне осымен екінші рет (тағы 5 жылға) сайланып отыр. Сайлаушылар оның 2013 жылғы экономикалық дағдарыстан елді минималды шығындармен алып шығу әрекеттерін жоғары бағалағандай.

Ел болашағынан зор үміт күтетін сайлаушылар: "Барлық кипрлықтар бір елде өмір сүрсе екен. Саяси көзқарастарымыздың қандай екеніне қарамастан, Түркиядағы кипрлықтармен бірігіп елді дамыта аламыз. Себебі оған ешқандай кедергі жоқ", - деген болатын.

Анастазиадес: "Біреудің қауіпсіздігі екінші тарапқа қауіп төндірмейді. Ал Түркияның интервенциялық құқығы мен түрік әскерінің орналасуы кипр-грек қоғамына қауіп төндіретіні анық".

Президенттікке бірінші мәрте сайлана сала Никос Анастазиадес қарызға батқан Грекия мен сол қанаттағы әкімшілік бақылауында салықтың дұрыс реттелмеуі салдарынан 2013 жылы экономикалық дағдарысқа тап болды. 2016 жылы Кипр ЕО-ның құтқару бағдарламасынан бас тартып, Халықаралық Валюта Қорынан (ХВҚ) да шықты.

“The Qazaq Times”