Германияның барлау агенттері Солтүстік Корея өзінің Берлиндегі елшілігі арқылы ядролық бағдарламаларына қажетті жабдықтар мен технологияларды сатып алатынын әшкереледі. Бұл туралы VOA ақпараттық порталы хабарлады.

Германияның Федералды конституциялық қорғаныс ведомствосының басшысы Мэйсон NDR телеарнасына берген сұхбатында, Германия үкіметі қара базардағы ядролық бағдарлама үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатушылар Германиядағы Солтүстік Кореяның елшілігі арқылы саудаласуы мүмкін деп күдіктенетінін айтқан.

Мэйсон сөзінде Солтүстік Кореяның нақты қандай жабдықтар мен технологияларды сатып алғаны туралы ашық айтпады, бірақ әскери және әлеуметтік салада бірдей қолданылатын технологияларды сатып алған деп межелейді.

NDR арнасының хабарына қарағанда, Солтүстік Корея 2016 және 2017 жылдары осындай сатып алу әрекеттерін жүзеге асырғанын айтады. Сондай-ақ, 2014 жылы Солтүстік Кореяның бір дипломаты химиялық қару өндіруге пайдаланылатын монитор сатып алуға әрекеттенгенін де алға тартқан.

Дегенмен, CNN журналистері Германияда тұратын Солтүстік Корея елшілігінен бұл сөзге қатысты сұрақтар сұрағанда, аталған елшілік бұл айтылғандарды теріске шығарып, жалған ақпарат деп айыптаған.

“The Qazaq Times”