Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусайннің қызы Рагад осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болған – деп хабарлайды Al Sumaria телеарнасы.

Al Sumaria мәліметінше, жақында Ирак үкіметі халықаралық іздеуде жүрген аса қауіпті қылмыскерлердің тізімін жариялаған. Оған бас-аяғы 60 адамның аты енгін. Оның ішінде Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусайннің қызы Рагадтың да есімі бар болған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда Рагад Хусейн Иорданияда тұрады. Оны Иракка экстрадициялау тек Интерпол арқылы жүзеге асырылады.

“The Qazaq Times”