2018 жылдың қаңтар айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық жарна аударылды, деп хабарлайды медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. 

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен қаңтар айының соңына дейін түскен түсімдердің жалпы көлемі 38 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде, 31,3 млрд теңге (82,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 6,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылаған. Бұл жүйенің қосылуына сарапшылар қарсылық танытқан еді. Сондай-ақ, енті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерге назар аударып, аталған жүйені енгізуге асықпауға шақырған еді.

 “The Qazaq Times”