Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Орталық Азия намысын Қазақстан спортшылары қорғайды.

Ақпан айының 9-ы күні Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары басталады. Онда әлемнің 90 елінен келген 2900 спортшы 102 медальды сарапқа салады. Бұл жолғы әлемдік додада Орталық Азия елдерінің намысын Қазақстан спортшылары ғана қорғайды. Бұлай дейтін себебіміз аймақтағы бес мемлекеттен бар жоғы 61 спортшы ғана «Пиоңчаң-2018» ойындарына қатысады. Оның 57-сі Қазақстан спортшылары да, қалған төртеуі Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары.

Олимпиада ойындарында Қазақстанның басты үміті мәнерлеп сырғанудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен, әлем кубогында 15 шақырым қашықтықта чемпион атанған биатлоншы Алексей Полторанин, фристайлшылар Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева және шорт-тректен әлем кубогының күміс жүлдегері Абзал Ажғалиевта. Абзал Ажғалиев Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығады деп күтілуде.

“The Qazaq Times”