Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,6%, азық-түлік емес тауарларына – 0,3%, ақылы қызметтерге – 0,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Өткен айда бағаның өсуі қиярға 10,5%, қызанаққа – 9,8%, тәтті бұрышқа – 9%, қырыққабатқа – 4,3%-ға, картопқа, басты пиязға – 3%-дан, жұмыртқаға – 1,4%, сәбізге – 1,1%, консервіленген сүтке – 1%-ға, сары майға, жаңа ауланған балыққа – 0,8%-дан, мәйекті ірімшікке – 0,5%-ға, қой етіне, кондитерлік өнімдерге – 0,3%-дан белгіленді. Баға қарақұмық жармасына 4,9%, құмшекерге – 3,2%, күрішке – 1,1%, қара шайға – 0,9%-ға төмендеген.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,8%, автомобильдерге – 0,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,6%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тұрмыстық аспаптарға – 0,5%-дан, киім және аяқ киімге, жеке қолданатын тауарларға – 0,4%-дан, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, кітаптарға, тоқыма бұйымдарына – 0,2%-дан құрады. Баллондағы сұйытылған газ 0,7%, тас көмір – 0,5%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыру 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 1,4%, жолаушылар көлігі – 1,3%, денсаулық сақтау – 1,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,8%, қоғамдық тамақтандыру – 0,3%-ға өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 1,9%-ға, ыстық суға, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 1,7%-дан, қоқыс шығаруға – 1,2%, электрэнергиясына – 0,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 0,4%-ға жоғарылады.

“The Qazaq Times”