Түркия Статистика мекемесі елдегі халық саны 2017 жылы 1 млн адамға жуық көбейгенін хабарлады.  Соңғы санаққа негізделгенде қазір Түркия халық саны –  80 млн 810 мың 525 адам. Бұл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты мәлімдеді.

Тұрғындар санын адрес тіркеуі негізінде анықтау нәтижесі көрсеткендей, 2017 бір жыл ішінде Түркия халық саны 995 мың 654 адамға көбейген. Нәтижесінде былтыр жыл соңында Түркияның халық саны 81 млн адамға жуықтаған.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 40 млн 535 мың 135 ер адам бар, ол жалпы халықтың 50,2 пайызын ұстайды. Әйелдер саны бұдан 259 мың 745 адамға аз.  

“The Qazaq Times”