Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "2018 жылдан бастап Қазақстан бойынша 500 шақырым тас жол ақылы болады" – деп мәлімдеді.

Бүгін Астана қаласында өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жобаны таныстырған. Онда ол: «Жаңа жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы шамамен 500 шақырым республикалық маңызы бар тас жолға төлем жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. Көлік ағындарын тиімді пайдалану үшін алдағы уақытта зияткерлік банк жүйесін қабылдаймыз» - деген.

Министрдің айтуынша, 2018 жылы Астана мен Алматы арасындағы «Орталық-Оңтүстік» және Астана мен Өскемен арасындағы «Орталық-Шығыс» транспорттық дәліздерінің құрылысы жалғасады. Бұдан бөлек Шығыс және Оңтүстік-шығыс өңірлерінде туризм саласын дамыту мен Қытай Халық Республикасынан тауар тасымалын арттыру мақсатында Алматы-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай және Үшарал-Достық бағытындағы көлік жолдарының құрылысы басталады.

“The Qazaq Times”