Стокгольм соты Қазақстан Ұлттық қорына тиесілі 100 миллион доллар қаржыны бұғаттауға байланысты шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қаңтар айының 24-і күні Стокгольм соты Швецияда сақталған Ұлттық қор активтерін бұғаттауға байланысты бұрын қабылғанған сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Швеция соты Ұлттық қор активтері салынған швециялық 33 компания мен Қазақстанның Швециядағы елшілігінің банк шоттарын бұғаттауға байланысты шешім шығарған болатын. Бірақ кейіннен Қазақстан тарапының өтінішімен бұғаттау елшілік шоттарынан алынып тасталған.

“The Qazaq Times”