Халықаралық валюта қоры өткен жылдың қазан айына қарағанда 2018 жылғы әлемдік мұнай бағасына қатысты болжамын 9,7 долларға көтерді. 

Қордың қаңтар айына арналған экономикалық болжамына сенсек (World Economic Outlook), қара алтынның жылдық орташа бағасы барреліне 59,9 долларға жетуі мүмкін. Дегенмен 2019 жылға арналған болжам биылғы жылға қарағанда 3,5 долларға төмен.

Айта кетейік, өткен жолы ХВҚ 2017-2018 жылдарға арналған болжамын сәйкесінше, 1,6 және 1,8 долларға немесе барреліне  50,3-50,2 долларға дейін төмендеткен.

Қазіргі уақытта Brent маркалы қара алтынның бағасы  барреліне 69 доллар шамасында. Астана уақытымен 9:45-те наурыз айына арналған фьючерстік баға 69,41 доллар болған. Бағаның көтерілуіне ОПЕК пен оған мүше емес елдер өкілдерінің кездесуінен соң Ресей энергетика министрі Александр Новактың "мұнайлы елдер осы жылы да шикізат өндірісін қысқартуды жалғастырады" деген мәлімдемесі әсер етуі мүмкін.

“The Qazaq Times”