Әлеуметтік желілер жалған, фейк мәліметтерді таратушы ретінде көпшіліктің сынына ұшырап келеді. Соңғы кезде қоғамда әлеуметтік желілердің мүлде жалған ақпаратты кең көлемде таратып жіберуде үлкен рөл атқарып отырғаны да мәлім. Енді Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларына сауалнама жүргізе отырып, жалған мәлімет көздерін анықтап шықпақшы. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты жазды.

Facebook Inc компаниясын құрушы Марк Цукерберг өзінің мәліметіне: «Алдағы уақытта қолданушылардың парақшасына анағұрлым сенімді мәлімет көздері ғана шығатын болады», – деді. Ол қазір компанияның жасап жатқан жаңа жүйесі сенсация және дезинформация немесе ықпалды көзқарастардың соңына түсіп, қайнарын анықтай алатынын айтты.

Facebook әлеуметтік желісі өзінің қолданушыларына ұсынған сауалнама бойынша, қайсы ақпарат көзінің сенімді мәлімет тарататынын айта алады. Бұл Facebook арқылы тарайтын сайт ақпараттары, бірлестіктер, топтар және жеке тұлғаны да қамтиды. Айталық, фейк аккаунттарға тосқауыл қоя алады.

Бірінші кезекті сауалнама бүгін, яғни 22 қаңтар күні басталды.

Деседе, Цукербергтің бұл анықтау амалы өнімді емес деген пікірлер де бар. Америкалық «Slate» интернет басылымы «әдетте көпшілік сенетін мәлімет көздерінің де көп сандысы журналистика стандартын сақтай бермейді, сондықтан бұл сауалнама жалған ақпарат көздерін анықтауға көмектеспейді» деп қарайды.

Қазір, Facebook-те жолдамалардың 5 пайызы жаңалықтарды құрайды. Алдағы уақытта бұл 4 пайызға дейін қысқартылмақ. Ендігі жерде қолданушылардың парақшаларына олардың ең жақын қарым-қатынастағы адамдарынан келген ақпараттар ғана шығатын болады.

“The Qazaq Times”