Халықаралық энергия агенттігі (International Energy Agency/ IEA немесе  ХЭА) жұма күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда, биыл АҚШ-та шикі мұнай өндіру күрт артып, Сауд Арабиясынан асып түсіп, Ресейдің шикі мұнай өндіру деңгейіне жеткен. Ресей мен Сауда Арабиясы болса әлемдегі мұнай өндіруші ірі елдер саналады. Бұл туралы «WJS» басылымы хабарлады.

ХЭА жариялаған бір айлық мұнай нарығының есебінде айтылғандай, сланец мұнай өнеркәсібін қалпына келтіруі нәтижесінде АҚШ 2018 жылы шикі мұнай өндіруді күніне 10 миллион баррельден асырады деп күтілуде. Бұл 1970 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. ХЭА-ның есебі бойынша, күніне 260 мың баррель өндіретін АҚШ, биыл бұл көрсеткішті күніне 10,4 млн баррельге дейін жеткізбек. Оның басты себебі жақында мұнай бағасының жоғарылауы деп көрсеткен.

Бұдан сырт аталған агенттіктің айтуынша, өткен жылы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына мүше 14 елінің өндіріс көлемін төмендету коэффициенті орташа алғанда 95 пайызды құраған. Дегенмен, АҚШ тек 60 пайыз мөлшерін қысқартқан.

IEA мәліметінде, өткен жылы 600 мың баррельге ұлғайған Құрама Штаттардағы тақтатас мұнай өнеркәсібі барлық көрсеткіштен асып түсті, бұл негізінен мұнай бағасының жоғарылауы, шығындарды қысқарту, геологиялық барлау жұмыстарының және құлдырау мен синергияның артуымен байланысты делінген. Агенттік мұнай нарығының айтарлықтай қысқарғанын, әлемдік мұнай қорларының төмендеуі жалғасып жатқанын атап өтті.

“The Qazaq Times”