Ресей әскері Түрік армиясының шабуылынан кері шегінген жоқ – деп мәлімдеді РФ-ның Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Сергей Лавров қаңтар айының 18-і күні Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде журналистер алдында сөз сөйлеген. Онда ол тілшілердің «Ресей әскері Сүрияның Африн аймағын Түрік армиясына босатып берді ме?» деген сұрағына: «Ресей әскері Түрік армиясының шабуылынан кері шегінген жоқ. Сіздер таратқан ақпарат кейіннен жоққа шығарылды. Ресей әскері әлі де Африн аумағында» - деп жауап берген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі «Ресей әскері Сүрияның Африн аумағын түрік армиясына босатып берді» деген ақпарат таратқан болатын.

“The Qazaq Times”