Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін қазақ халқына рахмет айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айының 18-і күні Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің ашылуына қатысты. Аталмыш шарадан кейін ол қазақ халқына рахмет айтты. Онда ол: «25-26 жыл тарих та қас-қағым сәт. Осындай шаралар болып жатқанда мен өз адамдарымды, өз халқымды ойлаймын. Немістердің Германиясы бар, ағылшындардың Ұлыбританиясы бар біз де қазір осы қатарға тұрдық және сол жолмен жүріп келе жатырмыз. Мен өз халқыма рахмет айтқым келеді. Осылай тыныштық пен бейбітшілікте алға жылжып келе жатқанымызға» -деген.

Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айының 16-сы мен 18-і аралығында АҚШ-қа ресми іс-сапармен барған болатын. Онда ол Америка президенті Дональд Трамппен кездесіп, қауіпсіздік және әріптестікті дамыту жөнінде келіссөздер жүргізген.

“The Qazaq Times”