Ұлыбританияда Жалғыздық жөніндегі министрлік құрылды. Ел үкіметі жалғыздық немесе жалғыз басты қарттардың мәселесі мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлетін іс екенін мойындап, бұл мәселеге арнайы министр тағайындады. Бұл туралы BBC онлайн қызметі хабарлады.

Бұл мәселені алғаш көтерген Еңбекшілдер партиясының депутаты, ұлтшылдар жағынан қастандықпен өлтірілген Жо Кокс болатын. Үкімет аталған мәселені осыған дейін Спорт және азаматтық істер министрінің орынбасары Трейси Краушқа тапсырды. Мәселенің өзектілігін, оның ел болашағына үлкен ықпалы болатынын елдің премьер-министрі Тереза Мэй де растаған.

Ұлыбританияның  2017 жылы шығарған мәліметінде жалғыздықтан туатын жабырқау ауыруының адам денсаулығына тигізетін ықпалы бір күнде 15 тал темекі тартқанмен бірдей деп көрсетілген. Қазір Англияда 75 жастан жоғары 2 млн адам жалғыз өмір сүреді.

Жалғыздықтан зардап шеккен англиялықтың бірі Камар Курешидің айтуынша: «Мен жас күнімде балаларымды тәрбиелеу үшін өзімнің бизнесімді сатып жібердім. Олар ержетті, бірақ қазір олардан көрі маған орта жасымда мектеп пен спорт залда волонтер болғаным көбірек көмектесіп жатыр», – деген. Бұл қазір көптеген Батыс елдерінде шешуді қажет ететін проблемаға айналып келеді.

“The Qazaq Times”